Таным • 17 Маусым, 2024

Ғалам ғажаптары: Қызыл қағаздан қысылмаған

33 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы күні ең көп тараған спорт түрінің бірі – футбол. Жасыл алаң­дағы сайыс алуан-алуан қызық­тарға толы. Сондай-ақ футбол та­рихында шектен шығып, шет­тетілген спортшылар жайында сирек оқиға ретінде оқта-текте айтылады. Ал доп додасы кезінде өз-өзіне қызыл қағаз көтерген төреші туралы естігеніңіз бар ма?

Ғалам ғажаптары: Қызыл қағаздан қысылмаған

Сөйтсек, мұндай да жағдай болады екен. «Питерборо Норт Энд» — «Роял Мэйл» командаларының кезекті ойынында төреші Энди Уэйн қақпашымен қақтығысып, өзін ойыннан шеттеткен. Ал «Саутгемптон Армс» — «Херстборн Таррант Бритиш Легион» командаларына төрелік еткен Мелвин Сильвестер футболшымен төбелесіп қалғаны үшін өзіне қызыл қағаз көрсетіпті.

 

Үш қақпасы бар футбол

ап

«Жұмыр жерде теңбіл доп» демекші, оны­мен кәсіби түрде айналысатындар да, сондай-ақ оны қызықтаушылар да өте көп. Қалыпты футбол қос қақ­палы болатынын жақсы білеміз. Ал атал­ған спорттың үш қақпалы да түрі бар екенін білесіз бе?

1990 жылдары даниялық суретші Асгер Йорн үш жақты футболды ойлап тапты. Яғни алты бұрышты алаңда үш бірдей команда ойнайды. Тағы бір қызығы, мұнда әдеттегідей көп гол соққан команда емес, өз қақпаларына аз гол өткізген команда жеңімпаз атанады. Бұл спорт түрінен қазіргі кезде көп фестиваль өткізіліп тұрады.

 

Мықтының аты –бәрібір мықты

ва

2010 жылы 17 мамырда Испанияда өте бір ерекше футбол өтті. «Атлетик Бильбао» футбол командасы ардагер ойыншы Хосеба Этберрияға арнап қайырымдылық матчын ұйымдастырады. Бұл доп додасының ерекшелігі сол – аталған команда бір мезетте 200 балаға қарсы ойын өткізеді.

Балалар 66-80-51 тактикасын ұстанады. Яғни жас таланттар клубының құрамында 66 қорғаушы, 80 жартылай қорғаушы, 51 шабуылшы, сондай-ақ 3 қақпашы болды. Бірақ олар қанша көп болса да, кәсіпқой футболшыларға төтеп бере алмады. Тар­тысты ойында «Атлетик Бильбао» 5:3 есе­бімен жеңіске жетті.