Жәдігер • 18 Маусым, 2024

Нәзір Төреқұлов – Қоқан қаласында

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1918 жыл. Күз айы. Қоқан қа­ла­сы. Басына ақ сәлде, ұзын шапан кигендер – шаһар тұр­ғын­дары. Ылғи ер адам. Олар­дан сәл жо­ғарырақ төр­де­гілер (солдан оңға қарай са­на­ғанда): Хады Файзи, Шафик Шайдуллин, Нәзір Төреқұлов, Пу­лат Салиев, Абдулла Мұс­тақаев. Фотоның төменгі жағына «Қоқан қала­сындағы Ха­лық университетінің ашылу салтанаты» деп көрсетілген. Бұл тарихи фотосуретті Ақ­төбе облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Уфа қаласындағы Ұлттық архивтен тапты.

Нәзір Төреқұлов – Қоқан қаласында

Біртуар қайраткер, КСРО-да­ғы тұң­ғыш қазақ елшісі Нәзір Төре­құлов (1892–1937) Қоқанда дүниеге келген. Осы қалада жәдит мектебін аяқтаған. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Орынборға келіп, «Еркін дала» ұйымының құрыл­тайын өткізіп, 1918 жылы сәуірде «Қа­зақ мұңы» газетін шығарған. Осы жылы жазда Қоқанға оралып, жұмыс­шы, диқан және солдат депутаттары ке­ңесіне қызметке тұрып, «Халық газетін» және «Инқилоб» журналын шығаруға атсалысты.

Оқу орнының ашылу рәсімін өткізген топтың арасында отырған қайраткер басына кең жиекті қалпақ киген. Жанында – жаңа саясаттағы серіктері. Жиын қала ортасындағы жәми мешіт жанында өткен сияқты. Адам­дардың артында кірпіштен өріл­ген мешіт не медресе ғимаратының есігі мен терезесі анық көрініп тұр.

 

Ақтөбе облысы