Оқиға • 17 Маусым, 2024

Маңғыстау облысында жүк көлігі жанып кетті

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай республикалық тасжолында «КамАЗ» көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында жүк көлігі жанып кетті

Фото: видеодан скриншот

Оқиға Бейнеу ауылынан 70 шақырым жерде болған. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Өртті сөндіруге Nobilis Corp ЖШС мекемесінен бес өрт сөндіруші, төрт қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді.

Қазір өрттің шығу себебін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр.