Аймақтар • 15 Маусым, 2024

Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші балаға жыныстық сипатта зорлық жасаған

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 19 жастағы тұрғын көршінің баласына жыныстық сипатта зорлық жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші балаға жыныстық сипатта зорлық жасаған

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында И-ге қатысты қылмыстық істі қарады. 19 жастағы қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген.

Сот мәліметінше, И. 2023 жылғы қазанның аяғында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қарсы бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.

- Соттың қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің айғақтары, сотталушының соталды тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады, - деді Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі өкілдері.

Сот И-ді ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024