Үкімет • 15 Маусым, 2024

Инвестициялық серіктестіктің игілігі

75 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі «PepsiСo» азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді.

Инвестициялық серіктестіктің игілігі

Фото: primeminister.kz

Негізгі мәселе – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «PepsiCo» Президенті Рамон Лагуар­та арасында қол жеткізілген уағда­ластықтарды іске асыру. Алматы облысында «Lays» қытырлақ картоп­тары секілді тұзды жеңіл та­ға­м­дар өндіретін зауыт салу жо­ба­сы тал­қы­ланды. Бүгінгі таңда снек­тер шы­ғара­тын толыққанды жаңа зауытқа 160 млн доллар көлеміндегі шетел­дік жеке инвестициялар бөлінді.

Өндірісті локализациялау және инновациялық технологиялар трансфері отандық ауыл шаруа­шылығы өнімдерін терең өңдеудің жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Бұл – іске қосылғаннан кейін Орталық Азиядағы ең ірі жоба болмақ. Зауытты 2026 жылы іске қосу көзделген, оның қуаттылығы жылына 16 мың тоннаға дейін да­йын өнімді құрайды, кейіннен 2027 жылдан бастап 21 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Дайын өнім Орталық Азия нарығына және одан тысқары жерлерге жеткізілетін болады. Құрылыс кезеңінде мыңға жуық адам тартылады, ал жобаның өзін­де 350-ге жуық білікті мамандарға арналған жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Давид Манзини жобаны жүзеге асыру барысында компания негізінен жергілікті шикізатты сатып алуға ниетті екенін айтты. Еліміздегі фермерлермен картоптың сынақтық партияларын жеткізуге келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2026-2030 жылдары 50-66 мың тон­наға жуық картоп сатып алу, кейі­нірек көлемді одан әрі ұлғайту жос­парда бар. Үрдістердің тех­но­логиялығын ескере отырып, жоғары қайта өңдеу дең­гейі қам­тамасыз етіледі, ал жаңа озық әдіс­тер экологиялық тұрақ­тылық қағи­даттарына сәйкес келуге мүм­­кіндік береді. Осылайша, жаңа за­уыт­тың қалдықтары 100% қайта өңде­ліп, кәдеге жаратылатын болады.

Компания жобаны қысқа мерзімде іске асыруға мүдделі. Қазақстанда құрылған қолайлы ин­вес­тициялық ахуал қазірдің өзін­де жобаны дамытудың келесі кезеңдерін пысықтауға мүмкіндік береді. Кейін «PepsiCo» өнімдердің басқа да көптеген түрін шығару үшін зауытты жаңғыртуға тағы да инвес­тиция салады.

Үкімет басшысы Олжас Бек­тенов бұл жобаның ауыл шаруа­шылығын дамыту, қазақстандық шаруалардың табысын арттыру және жалпы алғанда экономиканы нығайту үшін маңыздылығын атап өтті, себебі осындай ауқымды инвес­тициялық бастамалар Пре­зи­денттің экономиканы әртарап­тан­дыру бойынша алға қойған мақсат­тарына сәйкес келеді. Жобаның азық-түлік өнеркәсібі мен АӨК үшін маңыздылығымен қатар, зауыт құрылысы іргелес көлік, логис­тика, ауыл шаруашылығы өнім­де­рін қап­тау және қайта өңдеу сала­лары­­на мультипликативті әсер етеді.

«АҚШ – Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктестерінің бірі. Қазақстан «PepsiCo» секілді стра­тегиялық инвесторлармен ұзақ­мер­зімді ынтымақтастыққа мүдделі. Біз инвестицияларды қорғау бойынша міндеттемелерді сақтаймыз және қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Зауыт Үкіметтің ерекше бақы­лауындағы басым инвес­ти­циялық жобалар пулына енгізілген. Жалпы, осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша пул 122,5 мың жұмыс орнын ашатын, 32 трлн теңгені құрайтын 704 жобадан тұрады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еліміздің азық-түлік әлеуетін арттыруға ықпал ететін жаңа жобаларды жүзеге асы­ру бойынша өзара іс-қимылды кеңей­ту және ұзақмерзімді ынтымақ­тастықты құру ниетін растады.

Айта кету керек, «PepsiCo» – америкалық тамақ өнеркәсібі корпорациясы, алкогольсіз сусындар мен басқа да азық-түлік өнімдерін өндіруші. АҚШ – Қазақстанның маңызды инвестициялық серік­тестерінің бірі. Соңғы екі онжыл­дықта америкалық бизнес Қазақстан экономикасына 53 млрд доллардан астам инвестиция салды. Елімізде «Chevron», «ExxonMobil», «Pfizer», «General Electric», «Wabtec» және басқа да әлемдік ірі компаниялар түрлі секторларда табысты жұмыс істеуде.