Президент • 12 Маусым, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президентін қарсы алды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президентін қарсы алды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

1

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті