Бокс • 09 Маусым, 2024

Бокстан кемі бір алтын, бір күміс, бір қола алу қажет – бас бапкер

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұхбатында бокстан ұлттық құрама бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан кемі бір алтын, бір күміс, бір қола алу қажет – бас бапкер

Фото: olympic.kz

«Екі күн бұрын Түркиядан оралдық. Жігіттер жаттығу жасады әрі демалып үлгерді. Жаттығу жасадық, футбол, волейбол ойнадық, теңізге шомылдық. Алдағы уақытта масштабты жұмыс күтіп тұр. Арнайы оқу-жаттығу жиыны өтеді», дейді бас бапкер. 

Ол сонымен қатар Париждегі Олимпиадаға қатысты жоспарды айтты.

«Боксшылардың әрқайсысының Олимпиадаға қатысуға еңбегі сіңген. Бокста әр түрлі жағдайлар кездеседі. Жеребеге де көп нәрсе байланысты. Біздің тапсырма, кемі бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алу. Негізі мүмкіндік болса, одан да жоғары нәтиже көрсету. Әрбір боксшының жүлде алатын қабілеті бар», деді Мырзағали Айтжанов.

Париж Олимпиадасына ерлер құрамасынан мына боксшылар қатысады: Cәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).