Қоғам • 07 Маусым, 2024

Елге оралған қандастар

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этностық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алыпты. Ал жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этностық қазақ оралған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елге оралған қандастар

Жыл басынан Қазақ­станға кел­ген қандас­тардың жартысы­нан көбі (50,3%) Қытайдан, 33,4%-ы – Өзбекстаннан, 6,4%-ы – Түрік­менстаннан, 5,2%-ы – Моңғолия­дан, 3,4%-ы – Ресейден және 1,3%-ы бас­қа елдерден қоныс аударыпты.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағ­дай бойынша еңбекке қабілетті жас­­тағы этностық қоныс аудару­шы­лар саны 58,9%-ды, еңбекке қа­бі­летті жастан кішілері 31,6%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құ­райды.

Еңбекке қабілетті жастағы қан­дастардың ішінен білім деңгейі­не келсек, 17%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,1%-ы жал­пы орта білімді, және 5,3%-ы­ның білімі жоқ.

Қоныс аударған этностық қа­зақ­тар бір жерге шоғырланбай, рес­­пуб­ликаның әр аймағына қоныс­танған. Сонымен бірге, ведом­ство­ның хабарлауынша, қандастарды қоныстандыру мақсатында еңбек күші тапшы өңірлер анықталған. Мәселен, қандастар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына бара алады.

Қоныстандыру өңірлерінде биыл­ға арналған қандастарды қа­был­дау квотасы 2 433 адамды құ­рай­ды. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 453 қандас қоныс аударған екен.

«Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге суб­сидия түрінде мемлекеттік қол­дау шаралары ұсынылады. Яғни бір мезгілде отағасына және отба­сының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде, тұр­ғын үй жалдауға және коммуналдық қыз­меттерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде субсидия беріледі. Жыл басынан бері ­1 246 қандасқа түрлі қолдау шара­лары көрсетілді. Атап айтқанда, ­401 адам тұрақты жұмысқа орналас­тырылды», делінген министрлік­тің ақпаратында.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақ­сатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатыса­тын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық ша­ралар қабылданған. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипо­текалық тұрғын үй қарыздары бо­йынша бастапқы жарнаның бір бө­лігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде бір жолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Естеріңізге сала кетсек, былтырдан бастап қанатқақты режімде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылып келеді. Қанатқақты жоба аясында елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері ­туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этностық қазақ­тар­дан жаңа форматта 8 326 өтініш қабылданған екен.