Фото: nationalbank.kz
Әлемдік футболға арналған ерекше жоба
Жаңа коллекциялық монета FIFA-ның ресми лицензиясымен дайындалды. Жобаның серіктесі – немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze компаниясы.
FIFA WORLD CUP 2026 – футбол тарихындағы XXIII әлем чемпионаты, әрі бұл турнир алғаш рет үш елде – Канада, АҚШ және Мексикада қатар өткізіледі. Сонымен бірге жарыс форматы кеңейіп, қатысушы құрамалар саны 48 командаға дейін ұлғайтылады.
Монетаның сыртқы келбеті символикалық әрі мазмұнға бай. Оның реверсінде:
- Канада, АҚШ және Мексика жалаулары бейнеленген;
- ортасында жер шары мен «FIFA WORLD CUP 26 TM» жазуы бар;
- төменгі бөлігінде FIFA Әлем кубогінің бейнесі орналасқан;
- футбол добы композициясында футболшылардың бейнелері көрініс табады.
Бұл элементтер футболдың жаһандық мәнін және турнирдің халықаралық деңгейін айқындайды.
Сатыбалдыға тиесілі болуы мүмкін монеталар аукционға қойылды
Техникалық сипаттамалары, көлемі, таралымы
Монета мынадай параметрлерге ие:
- 925 сынамалы күміс
- салмағы – 20 грамм
- диаметрі – 37 мм
- дайындау сапасы – proof
- номиналы – 1000 теңге
Монетаға түрлі түсті баспа және алтын жалату технологиясы қолданылған.
Жалпы таралымы – 2000 дана:
- 1500 данасы – Қазақстанның ішкі нарығына;
- 500 данасы – сыртқы нарыққа (MDM арқылы).
Бұл монеталар − шектеулі тиражбен шығарылатын коллекциялық өнім.
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Монеталар Қазақстан аумағында:
- барлық төлем түрлері бойынша қабылданады;
- банктерде шоттарға есепке алынады;
- аударуға және айырбастауға жарамды.
Яғни олар заңды төлем құралы ретінде толық қолданылады.
FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монетасы – тек нумизматикалық құндылық қана емес, сонымен қатар әлемдік футбол тарихындағы маңызды оқиғаға арналған символдық белгі.
Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған, бұл отандық өндірістің сапасы мен мүмкіндігін тағы бір мәрте айғақтады.