Оқиға • 06 Маусым, 2024

Кәсіпкерді заңсыз тексерген лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыарқа ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобына лауазымды тұлға тарапынан заңсыз тексеруді жүзеге асыруға қатысты азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын жеке кәсіпкер жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерді заңсыз тексерген лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Фото: Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Уәкілетті органның лауазымды адамы тексеруді тағайындау туралы актісіз кәсіпкерге баруды жүзеге асырғаны және мүлікке құқық белгілейтін құжаттар талап етілгені анықталды.

«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды», деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Астана қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарының Call-орталықтарына жүгіну қажет екенін еске салды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті