Жемқорлық • 31 Мамыр, 2024

Жамбылда шенеуніктер бюджеттен 700 млн теңге жымқырмақ болған

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының прокуратурасы 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбылда шенеуніктер бюджеттен 700 млн теңге жымқырмақ болған

Фото: gov.kz

Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде заңбұзушылықтарды анықтады.

«Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 миллион теңгеден астам қаражатты енгізген. Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 миллион теңге қаражат қарастырған. Алайда шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған», делінген хабарламада.

Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды.

Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Алтынай АБДЫШ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті