Ауа райы • 27 Мамыр, 2024

Елдің шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандар 28-30 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Елдің шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қазақстан аумағында циклон әсерінен суық ауа райы әлі де сақталады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында 28 мамыр күні нөсер жаңбыр жауып, түнде қарға ұласуы ықтимал.

Ауа температурасы да айтарлықтай жылымайды. 28 мамырда батыста, солтүстікте және орталықта, ал 29-30 мамыр күндері Қазақстанның шығысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Тек республиканың батысында ауа қысымы көтеріліп,  күн райы біртіндеп жылынады.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті