Ауа райы • 22 Мамыр, 2024

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге, дәлірек айтқанда 23, 24 және 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото:kaktus.media

Метеорологтардың болжамынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.

«Атмосфералық ағындардың әсерінен барлық облыста найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп, жаңбыр жауады. Тек кей күндері ғана батыс облыстарда жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде 2 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айында күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді. Айталық батыс, оңтүстік облыстарда 18-28 градусқа дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін көтеріледі, тек 23 мамырда елдің солтүстігінде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді», делінген хабарламада.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар