Оқиға • 22 Мамыр, 2024

Нұрлан Жақыпов Qazaq Air басшысы қызметінен кетті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан Жақыпов тағайындалғанына 3 ай өтпестен Qazaq Air басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Жақыпов Qazaq Air басшысы қызметінен кетті

Фото: Qazaq Air

Еске сала кетейік, Нұрлан Жақыпов Qazaq Air әуе компаниясының басшысы қызметіне 1 наурызда тағайындалған болатын.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан «Qazaq Air» әуе компаниясының Ұлттық қорға 38 миллиард теңге қарызы бар екенін айтқан еді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35