Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

Маңғыстауда коммуналдық төлемді негізсіз есептеген кәсіпорын анықталды

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының прокуратурасы қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан монополия субъектілерінің қызметіне талдау жүргізді. Нәтижесінде «Каспий жылу, су арнасы» МКК тарапынан қызметті негізсіз есептеген фактілер анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда коммуналдық төлемді негізсіз есептеген кәсіпорын анықталды

Фото: Уақыт.кз

«Каспий жылу, су арнасы» МКК жылу және сумен жабдықтау үшін  нақты көрсетілмеген күндер үшін коммуналдық төлем есептеген.

«Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесімен 34 млн теңгеден астам сомаға 11 мыңнан астам дербес шоттар бойынша қайта есептеу жүргізілді», делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Бұл бағыттағы тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.