Қазақстан • 21 Мамыр, 2024

Қазақстан азаматтығын алу үшін сынақтан өту керек - Саясат Нұрбек

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер тестілеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтығын алу үшін сынақтан өту керек - Саясат Нұрбек

Фото: kursiv.media

Мемлекеттік тілді, сондай-ақ еліміздің  тарихы мен Конституциясының негіздерін базалық деңгейде білмегендерге азаматтық берілмейді. Ал тілді меңгерудің тиісті деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі белгілейді.

Осы тұста Саясат Нұрбек көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілгенін тілге тиек етті.

«Енді азаматтықты алу үшін тест тапсыру керек. Бұл әлем елдеріндегі қалыпты тәжірибе, яғни АҚШ, Канада, Германия, Түркияда, Ресейде осындай тәртіп бар. Біздегі тестінің үш компоненті болады. Мемлекеттік - қазақ тілін меңгеру, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихын білу ескерілген. Қазір арнайы жұмыс тобын құрып жатырмыз. Тиісті ереже мен тест сұрақтары әзірге дайын емес. Осы тестіні дайындау керек», деді ведомство басшысы.

Министр бұл жұмыстың  жедел тәртіпте іске асатынын айтты.

Еске сала кетейік, биыл Парламент көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды қарады. Оның аясында Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге қазақ тілін меңгеру міндеттеледі.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, 

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30