Қоғам • 18 Мамыр, 2024

Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады

Фото: t.me/qr_tjm

Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтемақы төленді. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында хабарлады.

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісімшартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

«Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады», деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай ақ ол тұрғындарға  үйді апатты деп тану, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат ұсынды.