фото: azattyq-ruhy.kz
Ведомствоның хабарлауынша, террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.
Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеді.
«Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады», делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.