Оқиға • 14 Мамыр, 2024

Пышақпен қорқытып, ізін суытқан. Астанада дүкен тонаушы ұсталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 мамыр күні таңертең Астана қаласындағы шағын маркет сатушысын қорқытып, энергетикалық сусындарды ұрлап кеткен тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Пышақпен қорқытып, ізін суытқан. Астанада дүкен тонаушы ұсталды

Фото: polisia.kz

Заңсыз әрекет жасаған тұрғын бұған дейін де ұрлау фактісі бойынша істі болғаны анықталды.

Қылмыскер өзін тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні пышақпен қорқытып, ізін жасырған.

«Сарыарқа аудандық полиция қызметкерлері жедел күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстады. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнем Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ІІМ хабарламасында.

Қазір оның Астанада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32