Осыған орай, Отар ауылдық округі орталығында салтанатты митинг өтіп, оған аудан басшылығы, әскерилер мен жауынгер интернационалистер, соғыс және тыл ардагерлері қатысты. Отардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Салтанатты шара осыдан кейін гарнизонның 30212 әскери бөлімінде жалғасты. Сап түзеген офицерлер құрамы мен сарбаздар алдына әскери тәртіпке сай сарбаздар «Жеңіске құрмет» марафонының символын алып шықты. Жиналған қауым алдында 40-шы «Отар» әскери базасының бастығы, полковник Д.Адырбеков сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.
«Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгісті соғыс аяқталғанына биыл 70 жыл толғалы отыр. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Бұл күні ерлікке бас иіп, елдігімізге тағзым ету – игі дәстүріміз. Осындай мәңгі ұмытылмас тарихи сәттің бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні», – деді аудан әкімі Қ.Досаев.
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Әлімбет те жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Алаңда сап түзеген сарбаздарға Ұлы Отан соғысының ардагері К.Қосақов: «Енді соғыс болмасын, елімізде тыныштық пен береке болсын», – деген баталы сөзін айтты. Гвардейский қалашығы бойынша Ауғанстан соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы С.Нұсқабаев та сөз сөйлеп, әскери рухты жоғары ұстауға шақырды. Әскери бөлім сарбаздары салтанатты саппен өткеннен кейін «Батыс» әскери өңірлік қолбасшылығы өкілдеріне Керімқұл ақсақал марафон акциясының символы – әскери жалауды табыс етті.
Гвардейский гарнизонының бірнеше әскери бөлімі дайындаған театрландырылған көріністер көрермен көңілінен шықты.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше