Оқиға • 11 Мамыр, 2024

Алматыда мейрамхана өртенді

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Бостандық ауданындағы мейрамханалардың бірінен өрт шықты. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда мейрамхана өртенді

Фото: Алматы қалалық ТЖД

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, аталған өрт туралы хабарлама бүгін сағат 10:30-да түскен.

«Бостандық ауданының өрт сөндірушілері «Окадзаки» мейрамханасына шықты. Анықталғандай, өрт мейрамхананың ас бөлмесінде тұтанып, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, келушілер ғимараттан шығып үлгерді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 10:34-те оқшауланып, 10:37-де толық сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар