Әдебиет • 11 Мамыр, 2024

Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қалижан Бекхожинның жары Заида Бекхожина өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті

Бұл қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы растады. Марқұмды ақтық сапарға шығарып алу рәсімі 12 мамырда сағат 10.00-де өтеді.

- Қазақстанның Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина дүниеден өтті, - деп жазылған ақпарат көзінің хабарламасында.

Заида Бекхожина – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз. Ол ұзақ жыл мектепте тарих пәнінен сабақ берген.

Сонымен қатар Заида Бекхожина – ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің жұбайы.

Қалижан Бекхожиннің есімі қазақ әдебиеті тарихында алтын әріппен қалған. Жазушыға "Менің замандастарым" атты еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. Сондай-ақ, жазушы ұрпақты Отаншылдыққа, ел мен жерді сүюге баулитын "Жусан" поэмасын жазды. Ал ақ адал махабаттың үлгісі ретінде артына "Мариям Жагорқызы" сияқты тың туындылар қалдырды.