Оқиға • 09 Мамыр, 2024

Түркістан облысында нәрестенің өлі денесі табылды

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 7 мамыр күні белгісіз біреу нәрестені перзентхана маңына тастап кеткен, деп жазады Egemen.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында нәрестенің өлі денесі табылды

Фото: matritca.kz

Белгісіз адам шала туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. 

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», делінген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.