Қоғам • 04 Мамыр, 2024

Елдегі жолдардың сапасын бақылауға арналған сервис пайда болды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді ел азаматтары республикалық жолдардың жағдайын онлайн бақылай алады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ осындай мүмкіндік беретін kaztoll.kz ақпараттық сервисін іске қосты, деп жазады Egemen.kz.

Елдегі жолдардың сапасын бақылауға арналған сервис пайда болды

Фото: kolesa.kz_Алексей Старков

Қолданушылар kaztoll.kz ақпараттық сервисі арқылы нақты уақыт бойынша республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын бақылай алады.

Осы мақсатта бүгінде 17 ақылы жолда 74 бейнекамера орнатылған. Олар көлік қозғалысының трафигі, ауа райы және жолдың жалпы жағдайы туралы ақпарат береді.

«Жаңа сервис жүргізушілер үшін алдын ала сапарды жоспарлауға, оңтайлы бағыттарды анықтауға және жолдағы қолайсыздықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Кaztoll.kz - сапар кезінде уақытты үнемдеуге және қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге арналған таптырмас құрал. Ақылы жолдардың онлайн көрсетілімінің арқасында жүргізушілер кептелістердің алдын алып, уақытын үнемдеп, сапарын ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп жоспарлай алады», делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ ақпараттық сервис жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға әсер етіп, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз сапар ұйымдастыруға сеп болады деп болжанып отыр.