Экономика • 02 Мамыр, 2024

Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасы қалай бақыланады?

87 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметте әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көкөніс бағасын реттеу мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасы қалай бақыланады?

Фото: qadam.asia

Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін пысықтады. Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды.

Көкөніс Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімді бағада тасымалданады.

Қазақстанның барлық өңірінің қажеттілігін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының ауытқуын болдырмау үшін Премьер-министр келісімшарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Әкімдіктер кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісімшарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көлемінде көкөніс өнімдері пайдалануға берілді.

Сонымен қатар жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезіндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері қаралды. Министрлік жыл басынан бері мүдделі органдармен бірлесіп, тауарлық үстеме бағаны асырған 732 фактіні анықтап, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды, дайын өнімі жоқ 109 делдалдың жұмысына шектеу қойылды.

Жалпы жыл басынан бері баға белгілеуге әсер ететін 2,5 мыңнан астам тізбекке талдау жасалып, сауда, салық және монополияға қарсы заңнамаларды бұзудың 800-ден астам тәуекелі анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша ақпарат жедел шара қолдану үшін уәкілетті органдарға жолданды. 

«Бақылау-фискалдық және құқық қорғау органдарын тарту арқылы өңірлік комиссиялардың қызметі қайта қаралып, күшейтілді. Кейбір тауарлар бойынша бағаның өсуі тіркелген Жамбыл және Абай облыстары әкімдеріне оларды тұрақтандыру шараларын күшейту керек. Сауда министрлігіне бағаның өзгеруіне күн сайын талдау жүргізу, Ауыл шаруашылығы министрлігіне нарықты отандық өніммен сапалы әрі толық көлемде қамтып, агроөнеркәсіп кешені саласындағы өңдеу көлемін арттыру жөніндегі барлық жоспарланған шараларды іске асыру керек», деді Олжас Бектенов.

лл

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30