Қазақстан • 02 Мамыр, 2024

Отандық сақтандыру нарығындағы ЖИ: қандай өзгеріс болуы мүмкін?

61 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда отандық сақтандырушылар жасанды интеллектіні (ЖИ) бизнес-процестерге белсенді түрде енгізіп отырғаны аян. Ал бұл еліміздің сақтандыру жүйесіне қандай төңкерісті өзгерістер әкелуі мүмкін және бұл клиенттерге қаншалықты тиімді, әділетті болмақ? ЖИ сақтандыру нарығының жұмысын қаншалықты жеңілдетеді? Осы тұста «Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Отандық сақтандыру нарығындағы ЖИ: қандай өзгеріс болуы мүмкін?

Бұл күнде компания ЖИ мүмкіндіктерін фотосуреттерден көліктердің сырылуын оқуға арналған бағдарламада пайдаланаып отыр. Осылайша ЖИ көліктің зақымдану дәрежесі мен сәйкесінше, клиентке сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлама көлікте сырылудың бар-жоқтығын және көлемін анықтауға үйретілген, сонымен қатар ашық ChatGPT үлгісіне қосылды. Ол бірден автөкөліктің қаншалықты сырылғанын көре алады. Зақымдану анықталған кезде шығын көлемін анықтап, төлеу үшін мамандар өз жұмысына кіріседі. Жобаның келесі кезеңі – соғылған, сырылған көлемін мөлшерін автоматты түрде анықтау боса, қазір осы бағытта үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар басқа да цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізіліп жатқанын айта кету керек. Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – корпоративтік бизнесті сақтандыруды цифрландыру. Яғни, бұл 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отырған мемлекеттік деректер базасымен интеграцияны жүргізу. Осылайша, Freedom Insurance өз жүйелерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетімен, Сот кабинетімен, ҚР Мемлекеттік сатып алу және Корпоративтік деректер агрегаторымен біріктіруді жоспарлап отыр. Осы базалардың деректерін пайдалана отырып, сақтандыру компаниясы заңды тұлғаның портретін көреді және онымен сақтандыру полисіне қол қою туралы шешім қабылдайды.

Азамат Керімбаев келесі жылы нарықта күтілетін басқа да өзгерістерге тоқталып өтті. Біріншісі – автокөлікті сақтандыруға қатысушылардың жабық тізімін енгізу. Бұл өз көлігін белсенді пайдаланатын және сақтандыру компаниялары үшін ең тиімсіз жүргізушілер реттеушінің назарында болуы үшін қажет. Көбінесе бұл санатқа такси компанияларының такси жүргізушілері кіреді.

Реттеуші кеңейтілген әрекеттер полисін енгізуді жоспарлап отыр. Ол дегеніміз – бір көлікті бірнеше адамға жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл полистің бағасының өсуіне әсер етеді және сақтандыру компаниялары үшін өнімнің тиімсіздігін басқаруға көмектеседі.

Сондай-ақ сақтандыру компаниялары әрбір полис үшін жарнаны заңмен белгіленген мөлшерлеменің 50%-на дейін арттыру  немесе төмендету мүмкіндігіне ие болмақ. Шамамен бұл клиенттердің 70-80%-ы үшін сақтандыру бағасына жеңілдіктер береді. Бұл шешім келесі жылы автосақтандыру нарығына әсер етеді, өйткені полистердің бағасы өзгереді және сақтандыру компаниясын таңдауда шешуші фактор болмайды.

«2025 жылы басты факторлардың бірі жол-көлік апатынан кейін төлемді алу жылдамдығы болады. Мысалы, төлемдер 5 күн ішінде қабылданатын DTP.kz сервисі. Базаларды пайдалану қызметтің қолжетімділігін арттырады. Олардың көмегімен бағасы мен қызмет көрсету деңгейіне қарай лайықты сақтандыру компаниясын таңдауға болады», дейді сарапшы.

Нарық жеке тұлғалар үшін бөліп төлеу жоспарын енгізуді де күтеді. Клиент сақтандыру полисін сатып алып, оның жарамдылығын ай сайын жазылу форматында жаңарта алады.

Сонымен қатар 2025 жылы автокөліктерді уақытша кіргізу үшін бірыңғай сақтандыру пулын енгізу жоспарланып отырған жайы бар. Қазір өнімнің шығын коэффициенті төмен, ал сақтандыру компанияларының делдалдарға төлейтін агенттік сыйақы мөлшері шамамен 70%, бұл жоғары көрсеткішті көрсетеді. Сақтандыру саласының сарапшысы: «Реттеуші нарықтың ашық болуын қалайды. Бұл операцияларды жою және тарифті әділ ету үшін әрі компаниялар тәуекелдерді жай ғана қабылдайтын бірыңғай сақтандыру пулын енгізу жоспарлануда. Активизация және агенттер деген ұғымдар болмайды», дейді.

Сол сияқты нарықта белгілі бір көлемде ақша үшін «көмек» көрсетіп жүрген  делдалдармен күрес аясында құжаттар мен төлемдерді жинау функцияларын тек ресми лицензиясы бар сақтандыру брокерлеріне беру көзделініп отыр.

Өйткені, елімізде медициналық тексеру процедурасын цифрландыруға қатысты өзекті мәселе бар. Егер адам медициналық тексеруді өткені туралы анықтама қағазын бермесе, сақтандыру компаниясы осы тұста төлем жасаудан бас тартуы мүмкін. Freedom Insurance ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп, адамдарды тасымалдайтын барлық көлік компанияларын өз жүргізушілерін күн сайын сапар (рейс) алдындағы тексеруден өтуін міндеттейтін заң жобасын әзірледі. Бұл жолаушыларды тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сақтандыру төлемін жасауға негіз болады.

Тағы бір тоқтала кететін мәселе, MED365 – сапар (рейс) алдында жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін компаниясы (Freedom Finance холдингінің бөлігі) процесті цифрландыру бойынша пилоттық жобаға қатысуып жатыр. «Яндекс.Такси» компаниясымен бірге 2 мамырда Алматы, Астана, Шымкент қалаларында пилоттық жүйе іске қосылады. Жанар-жағармай құю станциялары желісінің пункттерінде тексеруге арналған жабдықтары бар медицина қызметкерлері болады. Белгіленген орындардағы құрал-жабдықтар мемлекет тарапынан сертификатталады. «Яндекс.Такси» жүргізушілері үшін процедурадан өтуі міндетті және оның нәтижесі жүргізушіні рейске шығу немесе шықпауына әсер етеді. Егер көрсеткіштер нормадан ауытқуларды көрсетсе немесе адам тексеруден мүлдем өтпесе, онда «Яндекс.Такси» ол жүргізушінің аккаунтын жұмысқа қоспайды. 

Алдағы уақытта компанияның клиенті жол-көлік апатына ұшырайтын болса, ол осы пункттердің бірінде медициналық сараптамадан өтіп, оның нәтижесі сақтандыру компаниясына цифрлық түрде бірден түседі. Бұл оқиғаны  бірден тіркеуге және сақтандыру төлемін алуды жылдамдатады. 

 

АЛМАТЫ