
Фото: goskomplekt.ru
Чемпионат дрон-спорт астанасы саналатын Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында 25 - 28 қыркүйек күндері өтеді.
Чемпионаттағы әр команданың міндеті қарсыластың қақпасына (ауада ілулі тұрған сақина) мүмкіндігінше көп гол соғу. Ойынға арналған дрондар соқтығысудан қорғау үшін арнайы экзоскелетпен жабдықталған.
Матч 3 раундтан тұрады. Дрондар соқтығысады, күрт манёвр жасайды, қорғанады және шабуылдайды. Ал қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмайды: дрон тек арена ішінде ұшады, төрешілердің қадағалауымен және ережелерді қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Қазақстан атынан №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №8 мектеп-лицейі, Skillset жеке меншік мектебінің құрамалары қатысады.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда дрон-футбол небәрі бірнеше жылдың ішінде мектептік бастамадан ауқымды қозғалысқа айналған. Бұл елде 1000-нан астам мектеп және университет командалары жасақталған, ал FIDA Федерациясы 35-тен астам елді біріктіреді. Чонджудағы әлем чемпионатына ондаған ұлттық құрама мен жүздеген спортшы тіркелген.
Жерлестеріміз елге оралған соң Астанада өтетін Digital Bridge 2025 көрмесінің құрметті қонағы болады: халықаралық қонақтарға шеберлік сабақтарын өткізіп, дрон-футболдан көрсетілімдік матчтарға қатысады.
Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, бұл жарыс 2025–2026 маусымын ашып, тұрақты мектептердегі жаттығулар мен қалалық лигалардың бастамасы болады.