Хоккей • 02 Мамыр, 2024

Астанада Qazaqstan Hockey Open турнирі өтеді

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласында шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирі басталады. Халықаралық турнир 2-4 мамыр аралығында өтеді. Ел хоккейшілері 2 мамырда Ресей, 3 мамырда Беларусь ойыншыларымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Qazaqstan Hockey Open турнирі өтеді

Фото: hcbarys.kz

Ұлттық құрама 10 сәуірде елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда өнер көрсететін хоккейшілер шақырылды.

Ал әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польша құрамалары бар.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін Норвегия құрамасымен қайта кездесу өткізеді.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті