Саясат • 01 Мамыр, 2024

Бағыты айқын байланыс

65 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр.

Бағыты айқын байланыс

Фото: akorda.kz

Олжас Бектеновті Тәжікстан Респуб­ликасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды.

Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құ­рамда өтті және ынтымақтастықты нығай­­ту әрі сау­да ағындарын әртарап­тан­дыру шараларына арналды. Сондай-ақ Қазақ­станның шамамен құны $190 млн бола­тын 85 тауар позициясы бойынша экс­пор­тты арттыруға дайындығы атап өтілді.

Үкіметтік делегациялар өнеркәсіп кооперациясын да­мытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті.

Қазақстанның мол тәжі­рибесін ескере отырып, Тәжік­стан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда тәжік темір жолдары үшін темір жол техникасын шығаратын ірі өндірістік әлеует бар. Ақтөбе зауыты рельс арқалық өнім­дерін жеткізуде ынтымақтастық орнату­ға дайын. Сондай-ақ Қазақстанда шыға­ры­латын локомотивтердің, тепло­в­оздардың, бағыттама­лық бұрма­лар­дың, транс­фор­маторлардың, ауыл шаруа­шы­лығы техникаларының, аккумуля­торлар­дың, автокөлік құралдарының экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі зор.

Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе – жыл сайын нығайып келе жатқан әрі өзара түсіністіктің жоғары деңгейі­мен сипатталатын су саласын­дағы ынтымақ­тастық. Екі ел қабылдап жатқан бірлескен іс-шаралар вегетациялық кезеңде «Бахри Точик» су қоймасының қажетті жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда төрағалық ету жыл басынан бері Тәжікстаннан Қазақстанға ауысқан Халықаралық Аралды құтқару қорын ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.

Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылғы сауда көлемінің төмендеуінен кейін оң өсім серпіні байқалады. Осы жыл­дың екі айында АӨК өнімінің тауар айна­лымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 8,9%-ға артып, $84,9 млн-ды құрады. Бұған қоса Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты құры­лы­мын әртараптандыру байқалады. Сала­дағы қазіргі міндеттердің қатарында ұн жеткізу көлемін арттыру мәселесі бар. Ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеу және басқа да бағыттарда бірлескен жобалар құрудың келешегі зор.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжік­станға «Smart Bridge», ИРБП (интер­нет-ресурстардың бірыңғай платформасы), «Smart Data Ukimet» секілді «eGOV» электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйе­лерін өрістетуге көмек көрсету бо­йын­ша жұмыстарын бастады. IT саласын­дағы нәтижелі ынтымақтастық екі ел экономикасын дамытуға және азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.

Сонымен қатар тараптар мәдени-гумани­тарлық ынты­мақ­­тастық мәселе­лерін талқы­лады. Биыл Тәжікстандағы Қазақ­станның мәдениет күндерін өткізу ма­ңызды оқиға болмақ. Олжас Бектенов алдағы уақытта Душан­беде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнан­байұлы ескерткішінің ашы­луының маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойын­ша екі елдің үкімет басшы­лары барлық бағыт бойын­ша екіжақты стратегиялық әріптес­тіктің жоғары серпінін сақтауға дайын екендіктерін растады. 

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30