Қазақстан • 30 Сәуір, 2024

Астана әуежайының қызметкерлері жалақы көтеруді талап етті

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық әуежайының жұмысшылары жалақы мәселесін көтеріп, басшылық құрамға талаптарын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайының қызметкерлері жалақы көтеруді талап етті

Фото: el.kz

«Әуежайда басшылық, қызметкерлер және Астана қаласы авиациялық прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Әуежай қызметкерлері жалақыны көтеруді сұрады. Тараптар келісімге келді», делінген елорда әуежайының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жиналыс соңында басшылық жалақыны көтеруге қатысты талдау жүргізілетінін хабарлады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті