Бюджет • 29 Сәуір, 2024

38 млрд теңге мен бизнес орталық мемлекет меншігіне қайтарылды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

38 млрд теңге мен бизнес орталық мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Владислав Воднев

Комиссия отырысында заңсыз иеленген активін ерікті түрде қайтару жөніндегі келісім мақұлданды.

Қайтарылатын қаржының жалпы сомасы - 40 млрд теңге. Оның ішінде 38 млрд теңгеден астамы - ақшалай қаражат, қалған бөлігін Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық құрайды.

Мемлекеттік бюджетке қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталатыны айта кету керек.

«Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады», деді Олжас Бектенов.

Комиссия отырысында бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды. Келісім аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

оо

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15