Қоғам • 19 Сәуір, 2024

«Теракт жасаймын деп қорқытқан»: Атырау облысында 9-сынып оқушысы ұсталды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің біріне оқитын 9-сынып оқушысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Теракт жасаймын деп қорқытқан»: Атырау облысында 9-сынып оқушысы ұсталды

Коллаж: polisia.kz:

Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде теракт жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбаға интернеттен жүктелген қарудың суреті бекітілген.

Қазіргі уақытта оқушының экстремизмге қатысты басқа да Telegram-арналарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

ҚР ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше