Төтенше жағдай • 12 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Қазақстанда 100 мыңға тарта адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша сағат 00.00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны: Қазақстанда 100 мыңға тарта адам қауіпсіз аймаққа көшірілді

Азаматтық қорғау қызметтері 99 127 адамды, оның ішінде 36 365 баланы эвакуациялаған.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала бар.

8,9 млн. м3 еріген қар суы сорылды,

1,6 млн. астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді.

2983 тұрғын үй мен 1 868 аула аумағынан су бұрылды.

Мемлекеттік материалдық резервтен 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.