
Бүгінгі күн жаңалығымен бөлісіп қойғанды жөн көрдік. Мұхтар Шаханов ағамыз өз басшылығындағы «Жалын» журналын Жазушылар Одағы қарамағына өз қалауымен өткізді. Соған орай Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов ағамыздың бұйрығымен «Жалын» журналының Бас редакторы болып тағайындалдым. Журнал редакциясы да Жазушылар Одағының ғимаратына орналасты. Өз авторларымызды, бізді іздеген өзге де қаламгерлерді сол жерде күтеміз, делінген жазбада.