Есірткі • 05 Сәуір, 2024

«Қысқа сақтап қойған». Жамбылда есірткі жасырған шопан ұсталды (видео)

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында 40 келіден астам есірткі затын сақтаған шопан ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қысқа сақтап қойған». Жамбылда есірткі жасырған шопан ұсталды (видео)

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында орналасқан шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана есірткі заты тәркіленді.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс істейді. Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған.

Іздеу барысында күдіктінің күртешесіне жасырылған марихуана орамасы табылды. Тәркіленген заттың қомақты бөлігі жақын маңдағы мал фермасында сақталған. Одан бөлек шаруа қожалығының аумағындағы қорадан 3 полиэтилен пакет жасырылған орын табылды. Онда жабайы қарасораның сабақтары болған.

«Сонымен қатар есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке табылды. Күдікті марихуананы қыста өзі тұтыну үшін дайындағанын мойындады. Полицейлер барлығы 40 келі 240 гр кептірілген марихуана есірткі затын тәркіледі. Ұсталған адам ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады», дейді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.