Қазақстан • 02 Сәуір, 2024

Шымкентте есірткі сатумен айналысқан отбасы сотталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан ата-ана мен олардың 22 жастағы ұлы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте есірткі сатумен айналысқан отбасы сотталды

Фото: polisia.kz

Олар интернет арқылы есірткіге тапсырыс қабылдап, қаланың түкпір-түкпіріндегі жасырын орындарға қалдырып отырған. Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде отбасы мүшелері мен екі сыбайласын анықтады.

Тұрғылықты жерін тексеру кезінде есірткі заттарының бумалары және оларды орауға арналған заттар табылды.

Полицейлер тергеу барысында барлық айғақтарды жинап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жіберді. Қылмыстың ұйымдастырушысы  22 жастағы азамат 18 жылға, қалған төрт қылмыскердің әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті