Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Эвакуацияланған оқушылар Арқалықта оқуларын жалғастырып жатыр

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалықта жедел штаб отырысын өткізді. Шұғыл кеңесте Торғай өңіріндегі су басып қалған елді мекендерден шығарылған балалардың оқудан қол үзіп қалмауын қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.

Эвакуацияланған оқушылар Арқалықта оқуларын жалғастырып жатыр

Жиында Қызылжұлдыз ауылынан эвакуацияланған 40 баланың Арқалық қаласындағы туыстарының үйіне орналасқаны, қазір тұрмысының жайлы екені айтылды. Қызылжұлдыз балалары 4 тоқсанда Арқалық қаласындағы №5-ші мектепте оқуыларын жалғастырады. Оларға өздері тұрған ауылдан эвакуацияланған 14 мұғалім сабақ береді. Оқу құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілген. Бүгін балалардың бәріне мектепке киетін киім-кешек сатып алынды.

Ал Жангелдин ауданында Көлқамыстан көшірілген Айса Нұрманов мектебінің 44 баласы ауылдан 19 шақырым жерде орналасқан Көкалат елді мекеніндегі Албарбөгет мектебінде оқитын болады. Олар да киім-кешек, кітап-дәптер, басқа да мектеп қажеттерімен қамтамасыз етілген.

«Бірінші сәуірге дейін барлық балаларды киіммен, оқулықтармен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету қажет. Біздің міндетіміз – оқушылардың үздіксіз білім алуына жағдай жасау. Ол үшін барлық ресурсты қосамыз», деді Құмар Ақсақалов.

Балаларға арналған барлық керек-жарақтар жалпыға бірдей білім беру қорынан сатып алынады, бұл үшін барлық қажетті қаражат бар.

пн

 

Қостанай облысы