Елорда • 26 Наурыз, 2024

Астанада мұнара краны өртке оранды

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Байқоңыр ауданындағы құрылыс алаңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада мұнара краны өртке оранды

Өрт 12-қабат деңгейіндегі кран кабинасынан шыққан.

«Өрт толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 1,5 шаршы метрді құрады. Кран машинисі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатудан бас тартты», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен 8 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.