Қоғам • 21 Наурыз, 2024

Әлеуметтік желідегі жарасым

56 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

TikTok желісінде #Наурыз2024 онлайн-фес­тивалі басталды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға арнал­ған хэштег арқылы отан­дас­­тарымыз еліміздің түк­пір-түкпіріндегі ерекше ме­рекелік сәттермен бөлі­се ал­ады. Ең үздік бейнема­те­риалдардың авторларына бағалы сыйлықтар беріледі.

Әлеуметтік желідегі жарасым

Бастама Мәдениет және ақпа­рат, Туризм және спорт министр­лігі мен «Kazakh Tourism» ұлт­тық компаниясының қолдауы­мен жүзеге асып жатыр. Мақсат – TikTok әлеуметтік желісін қол­да­ну­шылары арасында төл мәде­ние­тімізді насихаттау, сондай-ақ азаматтарды дүйім жұртпен шығармашылығымен бөлісуге шабыттандыру.

«#Наурыз2024 жобасының еліміздің мәдениетін жаһан­­дық тұрғыда ілгерілетуде маңы­зы өте зор. Яғни TikTok-тың мил­лион­­даған қолданушысы қазақ хал­қы­ның ғажайып мәдениеті, әдет-ғұ­рпы, салт-дәстүрлерімен таны­са алады. Біз осы жоба көмегі­мен отандастарымыздың сүйік­ті мейрамдарын мерекелік көңіл күйде жақындарымен ғана емес, бұрынғыдан ауқымды, плат­фор­маның бүкіл аудиториясымен бөлісетіндері үшін қуаныштымыз», деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Өткен жылы Наурыз мере­кесіне орай қолданушылар 16 мыңдай бейнежазба жариялапты. Арасында сүйікті тағамдарының мәзірлерімен бөлісіп, елдің шал­ғайдағы елді мекендерінен арнайы репортаждар жүргізіп, ұлттық киімдердің көркемдігін паш етіп, тарихы мен әдет-ғұрыптар туралы әңгімелеп, думандатқан. Биыл да ұйымдастырушылар виртуалды әлемдегі үрдісті жалғастырып, бейнебаяндар мен фотоконтент жасауға шақырып отыр.

«TikTok – қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру. Қазірдің өзінде TikTok-та  #Кazakhstan хэштегі бойынша 2,3 миллионнан астам бейнеролик жасалған. Платформа қолданушыларды түрлі тақырып бойынша контент түсіруге, яғни тағамдар әзірлеуден бастап ұлттық сән үлгілеріне дейін, аңыздар мен дәстүрлерден музыка мен биге дейін үндейді. Қоғам­дастықтың белсенді қатысуы мен отандастарымыздың керемет шығармашылық рухының арқасында платформада дәстүр мен заманауи әуендерді жарасымды түрде үйлестіретін бірегей музыкалық тренд пайда болса, тіптен жақсы. Мысалы, халық әні «Қамажайдың» ремиксіне орындалған би», деді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.

Сондай-ақ фестивальға плат­фор­маның танымал креаторлары да қосылмақшы. Мәселен, рес­пуб­ликадағы қалалардың мәдениеті мен тарихы туралы танымдық фор­маттағы контент авторы Митя Бай­назаров Наурыз шежіресі туралы негізгі бейнеролик дайындаса, ал елге @dombrart аккаунтымен таныл­ған домбырашы Белес төл ән­дері­міздің шығу тарихын баяндайды.

Жобаға жауаптылардың сөзін­ше, #Наурыз2024 бастамасы­ның кіл үздік бейнеороликтері мен жеңімпаздары 22 сәуірде жарияланады деп жоспарланған.