Фотогалерея • 16 Наурыз, 2024

Ұлы даланың көрнекті әйелдері

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде түркі халықтары әйелдерінің образы бейнеленген кілемдерді көзіңіз шалған болар? Тың туындылардың авторы - Әсел Сабыржанқызы Egemen.kz сайтына сұхбат беріп, шығармашылығы туралы баяндап берді. Толық сұхбатты сайтымыздан оқи аласыздар.

Ұлы даланың көрнекті әйелдері

Фото: Әсел Сабыржанқызының жеке архивінен

«Ассоль» лақап атымен танымал суретші кілемдегі алғашқы суретін карантин кезінде салғанын айтты.

«Кілем бетіне салынған әйел бейнесін бұрын-соңды ешкім көрмеген, сондықтан бұл өнер сүйер қауымның көңілінен шығып, әлеуметтік желі қолданушыларының оң пікірін жинады», дейді кейіпкеріміз.

п

Суретші Әсел данагөй аналарымыз бен батыр апаларымыздың бейнесін салу үшін түркі халықтарының мифологиясын, тарихын, халық ертегілері мен дәстүрлерін зерттегенін жасырмады. Сондықтан кілем бетіне түскен әр бояу, әр сызық, әр кескін тарихқа негізделген деп айтуға болады.

п

р

Отандық суретшінің 15 кілемнен тұратын топтамасы бар. Оларда Көк бөрі, Ұмай, Айбике батыр, Сақ патшайымы, Рәбия сұлтан, Бопай, Айғаным, Сүйімбике, Гауһар батыр, Құрманжан Датқа, Айтолқын батыр және басқа да Ұлы даланың көрнекті әйелдерінің образдары бейнеленген.

п

п

п

Әсел Сабыржанқызы жас буын тарихта өз ізін қалдырған ұлы әйелдерді есте сақтап, білуі керек деп санайды. 

«Қазақ әйелдері мемлекетті басқарды, саясатпен айналысты, ағаларымен, күйеулерімен және әкелерімен тең дәрежеде шайқасты. Кілемге түскен кез келген кейіпкер туралы тың дерек бар. Сол деректерді барынша сақтауымыз керек. Қазақ әйелдерінің ерендігі мен үлесі еленіп, ұмыт болмауы қажет», дейді тың туындылардың авторы.

п

пм

п

п