Байқау • 12 Наурыз, 2024

Оза шапқан оқушылар

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кипрдегі Никосия қаласында роботтехникадан халық­ара­лық чемпионат өтті. Оған әлемнің 25 елінен кіл мықтылар жинал­ды. Солардың арасынан біздің оқушылар оза шауып, чемпионат кубо­г­ін жеңіп алды.

Оза шапқан оқушылар

Фото: thevoicemedia.kz

Бұл жарысқа республикалық физика-математика мектебі, Білім-инновация және Алма­ты­дағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияның оқушылары қатысты. Олардың командасы «Sana Team» деп аталды. Дүбірлі бәсекеде ел намысын Әділ Тұрсынғали, Арнар Дәулетқұл, Осман Ақыпбек, Алдияр Дәулетұлы, Дарын Смайыл, Аббас Пахридин, Асыл­хан Ыбырай, Ілияс Аши­ра­лин, Айзерек Болат, Жанайым Сабыржан, Ғазиза Күнғожина және Шолпан Амангелді секілді оқушылар қорғады.

Үш күнге созылған чемпионат қорытындысында біздің жет­кін­шектер топ жарып қана болмай, «Winning Alliance» басты ойын жүлдесі мен шығар­ма­шылық ойлау арқылы инже­нер­лік кедергілерді жою­дағы «Think Award» аталымын ие­ленді.

«Біздің робот турнирде рекорд орнатты. Соған ерекше қуандық. Жарыстан алған әсеріміз мол. Осы үш күнде басқа елден келген қатысушылармен танысып, тәжірибе алмастық. Бізге осындай мүмкіндік сыйлап, қолдау көрсеткен Алматы қалалық білім басқармасы мен «Алматы дарыны» орталығына ризашылығымызды білдіреміз», дейді оқушылар.

Айта кетейік, «Sana Team» командасы Оқу-ағарту министр­лі­гінің қолдауымен «Ustem Foun­dation» қоғамдық қоры ұйым­дастырған «Daryn first Championship» өңірлік чемпионатында Кипрге жолдама алған еді.