Аймақтар • 12 Наурыз, 2024

Алматыда қалың қар жауады

849 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 13 наурыз күні Алматыда қалың қар жауатынын хабарлап, тұрғындарға ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда қалың қар жауады

Фото: voxpopull.kz

Құтқарушылар бұл күні алматылықтарды тауға шығудан бас тартуға шақырды.

«13 наурызда түнде Алматыда, сондай-ақ таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақтарда солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді»,  делінген департамент хабарламасында.