Білім • 10 Наурыз, 2024

Қосымша білім беру орталығы көбейеді

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласы мен Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында 11 жаңа қосымша білім беру орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл ұйымдардың ашылуы жеткіншектердің бойындағы таланты мен қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру орталығы көбейеді

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Біздің министрлік оқушы­ларды қосымша біліммен қам­ту бойынша кешенді жұмыс жүр­гізіп отыр. Өткен жылы ға­на елімізде 9 қосымша білім беру орталығы ашылды. Биыл олардың саны 11-ге көбейеді. Жалпы, 2027 жылға дейін 100 қосымша білім беру орталығын іске қосу жоспарда бар», дейді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Биыл бала­ларды қосымша біліммен қам­туды 85 пайызға дейін артты­ру жоспарланған. Бүгінде елі­мізде барлығы 1625 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Онда әртүрлі бағыт бойын­ша үйірмелердің 380 түрі ұсы­нылған. Соның ішін­де ғы­лыми-техникалық, му­зыка­лық, көркемдік-эстети­калық, экология-биоло­гия­лық, ту­рис­тік-өлкетану, әске­ри-па­-
т­риоттық, әлеуметтік-педа­­гоги­калық және басқа да үйір­­мелер бар.