Қоғам • 06 Наурыз, 2024

Форум мақсаты – гендер мәселесі

68 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nazarbayev University гендерлік білім форумы өтті. Оны аталған оқу орны мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызмет­керлері ұйымдастырды.

Форум мақсаты – гендер мәселесі

Форум барысында Nazarbayev University оқу ісі жөніндегі вице-про­восты Лоретта О’Доннелл универ­ситет қауымдастығының әйелдер кәсіп­керлігін қолдау тәжірибесі және NU БҰҰ-дың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі міндеттемесі, оның бесін­шісі – гендерлік теңдік мақсаты бо­йынша Қазақстанның салыстырмалы түрде жақсы көрсеткішке ие екенін атап өтті.

«Гендерлік теңдік бәрімізге өте маңызды. NU-да cтуденттердің 50 па­йызы – қыздар. Мұғалімдер арасында нәзік жандылардың қатары 50 пайызға жетпейді. Бұл үшін әлі жұмыс істеу қажет. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әйел­дер дүние жүзіндегі жұмыс уақы­тымен 70 пайыз еңбек етіп, әлемдік табыс­тың тек 10 пайызын ғана алады екен. Сондықтан экономикалық мүм­кін­дікті кеңейту керек. Сондай-ақ тұр­мыстық зорлық-зомбылық тұрғысынан қауіпсіздік мәселесі де өзекті», деді ол.

ап

Ал Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлей­менова қазақ қыздарының білімі мен бел­сенділігін ерекше айтты.

Сарапшылар елімізде әйелдердің еңбегі жеткілікті деңгейде бағалан­бай­тынын, статистика бойынша олар отбасы мен оның мүшелеріне қызмет көрсетуге үш есе көңіл бөлетіні туралы мағлұмат жариялаған.

Сондай-ақ жоғарыда айтылған үш университет бірлескен «Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы гендерлік білім берудің ғылыми тұжырымдамасы: теориялық және әдістемелік негіздері» атты ауқымды ғылыми жобасы аясында Nazarbayev University кітапханасы гендер бойынша электронды библио­графиялық ресурс әзірлеген. Онда се­німді дереккөзі ғана емес, қазақ тілінде де гендерлік статистика бойынша ақпа­раттар қамтылған.

Сонымен қатар жоба шеңберінде үш жоғары оқу орнының ғалымдары гендерлік академиялық пәндердің дерек қорын құруды, «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс, экономика, филологиялық бағдар» атты жаңа пәнаралық білім беру модулі мен еліміздегі гендерлік білім мәселелері бо­йынша электрондық ақпарат каталогін дайындауды көздеп отыр.