Тағайындау • 06 Наурыз, 2024

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті тағайындалды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына белгілі қазақстандық-америкалық ғалым Дос Жұрмаханбетұлы Сарбасов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті тағайындалды

Фото: Forbes.kz

Дос Сарбасов - онкологиялық аурулармен күрес саласындағы әлемдегі жетекші ғалым және осы аурулармен күресудің бірқатар инновациялық әдістерінің әзірлеушісі.

Шетелдік ұйымдарда 25 жылдан астам ғылыми қызмет өтілі, заманауи пәнаралық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда, үйлестіруде және басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Дос Сарбасовтың 80-нен астам ғылыми жарияланымдары мен 37 қолжазбасы бар, сондай-ақ ол mTOR ақуызының өсудегі, жасушалардың көбеюіндегі, мРНҚ транскрипциясындағы және жасуша ішіндегі ақуыз биосинтезіндегі рөлін ашушылардың бірі.

Америкалық биохимия және молекулалық биология қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.