Байқау • 05 Наурыз, 2024

Ақыл-ой аламаны

22 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының оқушылары роботтехника бойын­ша ең ірі жарыстардың бірі – «Central Asia FIRST Tech Championship» чемпионатынан олжалы оралды. Астанадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен ақыл-ой додасына Қазақстанның әр өңірінен

Ақыл-ой аламаны

Осы жарыста Алматы қа­ласының намысын қорғаған оқушылар біраз жүлдені жеңіп алды. №124 мектептің «Team 124» командасы «Winning Alliance 2nd pick» және «think award 2st place» ата­лымдарымен қоса, Лон­донда өтетін халықаралық «UK first championship 2024» жары­сына, ал №206 мектеп-гимна­зиясының оқушысы Томирис Оңғарбек АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін «2024 FIRST Championship, Houston» жарысына қатысуға жолдама жеңіп алды.

Елордада өткен аламан жа­­рыста Алматының «Qazaq Style» командасы (№62, №119, №124, №200, №81, №202 мектеп оқушылары) «think award 1st place», «Best Pit Award» жүлделерін, №81 мектеп-гимназиясының «Red­stone» құрама командасы «connect award 3rd place» ата­лымында топ жарды.

Алматыдағы Білім-инно­вация лицейі мен М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқу­шыларынан құралған «Sana team» командасы «motivate award winner» пен «Best Mascot finalist», «Best Uniform Award finalist» атты атаулы сый­лықтарға лайықты деп табылса, №178 лицейінің «zok Junoirs» командасы «innovate award 3rd place» аталымын, М.Ма­қа­­таев атындағы №140 гим­на­зияның «uly dala» құ­рама ко­мандасы First Lego League бағытындағы бе­делді «bre­akthrough award» жүлделерін иеленді.

Алматылықтардың жеңісі мұнымен шектелмейді. Же­ңіс тұ­ғырынан көрінген мектеп түлектері, сондай-ақ елі­міздің беделді жоғары оқу орындарының гранттарын да жеңіп алған.

Мысалы, Қ.Сәтбаев уни­вер­­си­тетінің таңдауы – БИЛ ли­­цейінің оқушысы Спан­дияр Тұяқбай мен №39 ма­ман­данды­рылған лицейінің оқу­шы­сы Ма­ликов Мейіржанға түсіпті.

Ал АУЭС – М.Базарбаев атын­дағы №138 гимназия оқушысы Амангелді Шолпан, №81 мектеп-гимназия оқушысы Әлрахат Үмітхан, №140 М.Ма­қатаев атындағы гимназия оқушысы Нұрила Бердалы мен Мөлдір Бекенқызы, №178 ма­мандандырылған лицейінің оқу­шысы Олжас Санатұлы сын­ды таланттарды студент ретінде қабылдауға дайын.

Сонымен қатар Еуропалық оқу орындарына 100% жеңіл­дікпен түсуге кепілдік беретін қолдау гранты №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Демеуғалиева мен №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Алуа Төлендіге бұйыр­ды.

 

АЛМАТЫ