Бизнес • 06 Наурыз, 2024

Бизнеске несие беру динамикасы

33 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жаңа бизнеске арналған несиелер көлемінің өсімі айқындалған межеден 20%-ға асқан. Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы ұсынған мәлі­метке сүйенсек, былтыр кәсіп­керлік субъектілеріне банктер тарапынан 16 трлн теңге қаржы берілген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 2,9 трлн теңгеге көп.

Бизнеске несие беру динамикасы

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Несие беру бойынша динамика бір­келкі емес. Мысалы, шағын кәсіп­керлік субъектілеріне берілген несие көлемі (+53%) орта (+18%) және ірі кәсіпкерлік (+4%) көрсеткіштерінен бірнеше есе жоға­ры. Мұндағы ақша айналымына бір жағы­нан шағын бизнесті несиелеудегі пайыз­дың аз болуы (бар болғаны 2,5% банк­тік несиелері бар), сондай-ақ өнім желі­сінің кеңеюі және кәсіпкерлікті дамы­­тудың ұлттық жобасы, екінші жағы­нан, қарыз ресурстары құнының төмен­де­уіне бай­ла­нысты ірі биз­нестің несиеге деген сұра­ныс­ының артуы әсер етеді.

Экономикалық секторлар б­о­йын­ша өсімнің 70%-ы тек үш сек­тор­­ға тиесілі: өнеркәсіп (+38% немесе 1,1 трлн теңге), сауда (+10% немесе 0,68 трлн теңге) және құрылыс (+24% немесе 0,17 трлн теңге). Бұл үш сектор 2023 жылы экономикалық өсуді жеделдетуге ең үлкен үлес қосты. Несиелік циклдің экономикалық өсімге тәуелділігін көрсетеді.

Бұл ретте өткен жылдың көп бөлігінде бизнес несиелерінің баға шарттары бір жыл бұрынғыға қарағанда айтарлықтай жоғары болды (орта есеппен 330 базистік тармаққа), бірақ жылдың аяғында олар базалық мөлшерлеменің басталуымен барлық шаруашылық субъектілері үшін төмендеді.

Кредиттік өтінімдердің көлемі жыл бо­­йы­на тек шағын бизнес субъектілері үшін оң қалыпта қалды, бірақ мақұлдау дең­­гейі жыл басындағы 39%-дан 2023 жыл­­дың үшінші тоқсанының аяғында 34%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Бұл не­гі­зі­­нен сәйкес несиелік тәуекелді көрсетеді.

Жаңа несиелерді беруді жеделдету және олардың құрылымын жақсарту (ұзақмерзімді несие­лер­дің үлесі орта есеппен 37%-дан 60%-ға дейін өсті) аясында банк секторынан бизнесті несие­лен­діру портфелі 13,1%-ға өсті. Екін­ші деңгейлі банктердегі бұл көр­сеткіш 16,7%-ға артты. Бұл – ке­йінгі 12 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Ауыл шаруашылығында АКК және «Қазагрофинанс» компаниясынан жеңіл­дікті қаржыландыру көлемінің (кейінгі 6 жыл­да орта есеппен 16%-ға) және банк сек­торы несиелерінің (+26%-ға) жыл са­йынғы ұлғаюына қарамастан, ауыл шаруа­шылығының ІЖӨ-дегі үлесі төмендеді.

Агроөнеркәсіп кешенін банк сек­торынан несиелендіру ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өңдеу өнер­кәсібіне (2023 жылы 742 млрд теңге шығарыл­ған), содан кейін ауыл шаруашылы­ғына (373 млрд теңге берілген) көбірек шоғырланған.