Үкімет • 13 Ақпан, 2024

Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет құрамындағы жаңа министрлер ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Қаржы министрі Мәди Такиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ант берді.

«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», делінген ант мәтінінде.

Бұдан соң Премьер-министр Олжас Бектенов министрлерді жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.