Оқиға • 13 Ақпан, 2024

Жарақат алғандар бар. Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты (видео)

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда үш қоғамдық автобус пен бір жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.

Жарақат алғандар бар. Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты (видео)

Фото: видеодан скриншот

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 9:00 шамасында болған. 

«13 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан»,  деп хабарлады Полиция департаменті.

Жарақат алғандар бар. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасына байланысты Медеу аудандық Полиция департаменті тергеп-тексеруді бастады.