Экспорт • 10 Қаңтар, 2024

Экспортты ілгерілетудің маңызы

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда экспорттық-кредиттік агенттік құру және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заң талқыланды.

Экспортты ілгерілетудің маңызы

Заң Мемлекет басшысының «Әді­летті Қазақстанның экономикалық бағ­дары» Жолдауы аясында қажетті құрал­дарды жинақтай отырып, экспортты ілгерілетудегі толыққанды институт құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Онда 2 кодекс пен 8 заңға түзетулер ұсынылып отыр.

Мысалы, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңға агенттікті қаржылық мониторинг субъектісіне жатқызуды көздейтін түзету бар. Сонымен қатар «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңда Ұлттық даму институтының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі функциялары толықтырылады.

Депутаттар кеңейтілген отырыс­тың қорытындысы бойынша заңды Палата­ның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.